What would you like to search for?

БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ
© naturepl.com / Klein & Hubert / WWF

Біз табиғаттың көз алдымызда күлталқан күйреп, климаттың өзгеруінің, бұл Жердегі тіршілік атаулының бәрін, соның ішінде біздің өзімізді де ауыр зардаптарға душар етуінің куәсі болып отырмыз.
 
Адам - табиғаттың бір бөлігі және біздің тағдырымыз оның болашағымен тығыз байланысты. WWF миссиясы - табиғат пен адам үйлесімді өмір сүретін дүние құру. Азаматтық қоғамның ғылыми негізделген, бейтарап және тәуелсіз ұйымы ретінде WWF планетадағы тіршіліктің күрделі желісі - биоәртүрлілікті сақтау және қалпына келтіру үшін жұмыс істеуде. Біз адамзаттың экологиялық ізін азайтып, қазіргі және келешек ұрпақтар үшін табиғи ресурстарды орнықты пайдалануды қамтамасыз етуге тырысамыз.
 
Біз әртүрлілікті табиғатта да, ынтымақтастық жасайтын адамдар, әріптестер мен қауымдастықтар арасында да бағалаймыз және құрметтейміз. WWF басшылығымен біріктірілген мәдениеттер мен жеке тұлғалардың өзгешеліктеріне қарамастан, бізді біртұтас миссия, біртұтас бренд және құндылықтардың ортақ жиынтығы байланыстырып отыр.

Батылдық: біз өзіміздің  іс-әрекеттерімізде батылдық танытамыз, өзгерістер ерекше қажет жерлерде жұмыс істейміз және адамдар мен ұйымдарды табиғат және біздің ортақ үйіміз – біздің планетамыздың болашағы үшін төнген аса ірі қауіп-қатерлермен күресуге жігерлендіреміз.
 
Құрмет: біз табиғаттың да, адамдардың да  жарқын болашағын қамтамасыз етуге тырыса отырып, олардың дауысы мен құқықтарын құрметтейміз.
 
Адалдық: біз басқаларды ұстануға шақыратын қағидаттарды өзіміз де ұстанамыз. Білім алу, даму және негізделген шешімдер қабылдау үшін жергілікті білім мен ғылымға сүйене отырып, адал, бүкпесіз және жауапкершілікпен әрекет етеміз.
 
Ынтымақтастық: біз бірлескен іс-қимыл мен инновациялардың күші арқасында алдымызда тұрған сын-қатерлердің ауқымына сәйкес келетін маңызды нәтижелерге қол жеткіземіз.

WWF әрбір адам WWF қызметкерлерінің, оның серіктестерінің немесе ұйыммен байланысты кез-келген адамның тарапынан болған орынсыз мінез-құлық оқиғалары жайында зардаптары мен қуғын-сүргін алдында жасқанбай қауіпсіз түрде хабарлай алатын бүкпесіздік мәдениетін ұстанады. WWF іс-қимылы өздерін мазалайды деп санайтын жергілікті қауымдастықтар немесе олардың жекелеген өкілдері дәл солай өз өтініштерін емін-еркін жібере алады. Неғұрлым толық қосымша ақпаратты сіз «WWF этикасы» парақшасынан таба аласыз.

WWF ЭТИКАСЫ