What would you like to search for?

БІЗДІҢ ТАРИХ
© WWF Central Asia

Біз — WWF! 60 жыл бойы біз табиғаттың болашағын қорғап келеміз. Біздің миссиямыз — адам мен жабайы табиғат үйлесімді өмір сүретін дүние құру.

Біз бірге жасай аламыз

WWF (Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры) міне жарты ғасырдан астам уақыттан бері жетекші табиғат қорғау ұйымдарының бірі болып табылады. Біз бүкіл дүние жүзіндегі бес миллионнан көп пікірлестеріміздің қолдауымен алты құрлықта 100 елде жұмыс істейміз. Біздің мақсатымыз -жабайы табиғат, өзендер, ормандар мен теңіздер үшін қолайлы болашақты қамтамасыз ету. Біз климаттың өзгеруінің апатты зардаптарын болдырмау үшін көміртегі шығарындыларын азайтуға күш салып жатырмыз және бір планета мүмкіндіктерінің шегінде адамдарға алаңсыз өмір сүруге мүмкіндік беретін шараларды қолданып жатырмыз. Біздің жұмысымыз ғылыми деректерге негізделген, ал халықаралық тәжірибе бізге жергілікті деңгейде нәтижелі іс-қимыл жасауға көмектеседі. Біз бүкіл дүние жүзін қамтып жатырмыз және де біздің миссиямыз нақты тұжырымдалған, ол  — адам табиғатпен үйлесімді өмір сүретін орта құру.
 
Бұл миссияны жүзеге асыру үшін біз барынша мол нәтижеге қол жеткізу үшін үкіметтермен, қайырымдылық ұйымдарымен және коммерциялық емес қорлармен күш біріктіріп жатырмыз. Біз компанияларға олардың қызметі қоршаған ортаға игі әсер етуі үшін бизнес жүргізу тәсілін қайта қарауға көмектесеміз. Біз даусымызды күшейтіп, табиғат қорғауға көбірек қаражат тарту үшін танымал тұлғалармен ынтымақтастық жасаймыз.
 
Бірақ біз жалғыз ештеңе бітіре алмаймыз. Мақсатқа қол жеткізу үшін бізге сіздер сияқты - мақсаткер және жанашыр адамдар керек!

WWF Орталық Азия

Орталық Азия – табиғаты көркем өзендер мен сарқырамалар, көлдер мен батпақтар, асқақ таулар мен  ұшы-қиырсыз далалар тоғысқан таңғажайып әлем. Мұнда сирек кездесетін және бірегей түрлер мекендейді, ал өңірдің экожүйелері бұрынғысынша аз зерттелген және көп жағдайда беймәлім күйінде қалып отыр.   
 
Орталық Азиядағы алғашқы WWF жобалары 1996 жылы басталған болатын. Біздің мақсатымыз - табиғи ресурстарды орнықты пайдалануды және олардың артықшылықтарын әділ бөлуді қамтамасыз ететін тиімді басқару жүйелерін құра отырып, негізгі түрлерді, табиғи орталарды және экожүйелерді қорғау және қалпына келтіру. Біз азаматтық қоғамның хабардар болуын және экологиялық орнықты шешімдер қабылдау процесіне тартылуын қамтамасыз етуге тырысамыз.
 
Біз күш-жігерімізді табиғи ресурстарды орнықты пайдалануды дамытуға жұмсаймыз, жергілікті қауымдастықтардың табиғат қорғау жөніндегі күш-жігерінде оларға қолдау білдіреміз, орнықты туризмді дамытуға көмектесеміз және экономиканың әртүрлі секторларына экологиялық жауапкершілік тұжырымдамасын енгізіп жатырмыз. Инвесторлар орнықты бизнес-практикаларды енгізуге ынталанады, ал адам мен табиғат арасындағы өзара іс-қимыл қорғалатын аумақтарды басқаруды жақсарту және табиғи экожүйелердің құндылығын арттыру үшін нығайтылуда.
 
Біз өңірдің бірегей табиғи мұрасын қорғап және оның бірқалыпты дамуына көмектесе отырып, Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Түркіменстанда және Өзбекстанда жұмыс істеп жатырмыз.

​Өңірдегі WWF жұмысының тарихы жайында «Әр қадам сайын» бөлімінен толығырақ білуге болады

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (ЕҚТА) және "экологиялық дәліздерде" экологиялық қауіпсіз даму жүйесіне қолдау білдіру.

Орталық Азия елдерінде ЕҚТА аумақтарында сирек кездесетін жануарлардың санын қалпына келтіру бағдарламалары іске асырылуда - оларсыз кейбір түрлер планетадан жойылып кетуі мүмкін. Сонымен қатар "экологиялық дәліздер" — әртүрлі табиғи кеңістіктерді байланыстыратын және түрлердің олардың арасындағы көші-қонын қамтамасыз ететін аймақтар құруға ерекше назар аударылады.

"Экологиялық дәліздер" генетикалық әртүрлілікті сақтау және климаттың өзгеруіне бейімделу үшін қажет.
© Mirzo Mirzoev
Жануарлардың сирек кездесетін түрлерін сақтау

Орталық Азияда WWF амур жолбарыстары, қар барыстары, бұхар (тоғай) бұғылары, еліктер, құландар сияқты және басқа да сирек кездесетін және қауіп төнген жануарлар түрлерін сақтаумен белсенді түрде айналысады.

Бұл түрлер өңірдің экожүйелерінде маңызды рөл атқарады және қоршаған орта саулығының индикаторлары болып табылады.
© WWF Central Asia
Жергілікті халықты оқыту және баламалы күнкөріс көздеріне қолдау білдіру.

Біз жергілікті қауымдастықтардың табиғи мекендеу ортасын қорғау және қалпына келтіру бағдарламаларын әзірлеу үшін олармен, үкіметтік ұйымдармен және халықаралық экологиялық бастамалармен бірлесіп жұмыс істейміз. Біздің күш-жігеріміз браконьерлік және тіршілік ету ортасынан айырылу сияқты қауіп-қатерлерді азайтуға және биоәртүрлілікті сақтаудың маңыздылығы туралы хабардар болуды арттыруға жұмылдырылған. Жергілікті тұрғындарды оқыту және оларды қорғау жобаларына тарту да біздің жұмысымыздың негізгі мәселелері болып табылады, өйткені қауымдастықтардың қатысуынсыз табиғатты орнықты сақтау мүмкін емес.

Біз адамдар мен жабайы табиғаттың үйлесімді өмір сүруіне күш салып жатырмыз, ал бұл өз кезегінде Орталық Азияның ғажайып табиғи мұрасын сақтауға ықпал етеді. Біздің табысымыздың түпқазығы WWF пен адамдар арасындағы өзара сенім болып табылады. Олардың даналығы бізді жарқын болашақ жолына жетелейді.
© WWF Central Asia

Бастапқыда WWF "Жабайы табиғатты қорғау қоры" (WorldWildlifeFund) деп тарқатылған болатын. Алайда 2001 жылы әртүрлі елдердегі атау аудармаларындағы айырмашылықтарды ескере келіп, бірегей аббревиатураны сақтап, бірыңғай жаһандық атау – WWF-ні пайдалануға шешім қабылданды.

© WWF