What would you like to search for?

ЖОЛБАРЫСТЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ОРАЛУЫ
© WWF Central Asia

Жолбарысты Қазақстанға қайтару бағдарламасы Орталық Азиядағы WWF негізгі жобасы болып табылады. Егер сәтін салса, Қазақстан жолбарысты осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын түгелдей қырып тастаған өңірге оны қайтарған дүние жүзіндегі алғашқы елдердің бірі болады.

ЖОЛБАРЫС. ТАРИХҚА АЙНАЛҒАН ЖЫРТҚЫШ

ХХІ ғасырдың басында дүние жүзінде он үш елде ғана жолбарыстар сақталып қалған болатын. Жыртқыштың жойылып кетуінің негізгі себептері мақсатты түрде жою, оның ішінде жолбарыстың азық базасының негізі - тұяқты жануарларды бақылаусыз аулау, ал кейінірек қисапсыз көп суару жобаларын іске асыру салдарынан тіршілік ету ортасының бүлінуі еді. Дүние жүзінде жыртқыш санының үрейлі сипатта азайып кетуі барлық 13 елдің Жаһандық жолбарыс бастамасына қол қоюына түрткі болды.
 
Жолбарыстардың Орталық Азия аумағында байқалуының соңғы құжатпен расталған оқиғалары сонау өткен ғасырдың 70-ші жылдарында, ал Қазақстанда 1948 жылы тіркелді.
 
Жойылып кеткеннен кейін арада 70 жылдан астам уақыт өткен соң Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) және Қазақстан Республикасының Үкіметі Орталық Азияның ең ауқымды жобасын іске асыруды - құдыретті жыртқыш таралымын қалпына келтіруді ұйғарды.

ХХ ғасырдың бірінші жартысының өзінде бұл жыртқыш Кавказдан Алтайға және Орталық Азияға дейін мекендеген болатын. Бірақ, қатты өкінішке орай, жағалау экожүйелерінің бүлінуі және аң аулау, ормандарды кесу сияқты адам қызметі оның жойылуына әкеп соқты.
© .
ТЕҢБІЛ ТҮСТІ ЖЫРТҚЫШТЫ ҚАЙТАРУҒА БОЛА МА?

2009 жылы халықаралық биологтар тобы Орталық Азия музейлеріндегі жолбарыстарының ДНК үлгілері бойынша генетикалық зерттеулер (Driscoll et. al., 2009)  жүргізді. Оларды жыртқыштардың басқа түрлерімен салыстыра  келіп, ғалымдар тұран мен амур таралымдары  жолбарыстарының ДНК-сі бірдей деген қорытындыға келді. Осыдан кейін жойылып кеткен таралымды қалпына келтіру талқыланып, Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) осы жобаға бастамашы болды.
 
2010 жылы Санкт-Петербургте Жер планетасында жолбарысты сақтап қалу бойынша халықаралық Саммит өтті. Форум барысында үкіметтер Басшыларының деңгейінде 2022 жылға қарай табиғаттағы жолбарыстар санын екі есеге көбейтуді көздейтін Жолбарысты қалпына келтірудің жаһандық бағдарламасы қабылданды. Міне осы форумда Қазақстан жолбарысты Орталық Азияға қайтаруға дайын екенін жариялады және WWF-тің осы жануардың таралымын қалпына келтіру идеясына қолдау білдірді.  
 
Бірақ бағдарламаны бастау үшін жыртқыштарды қайтарудың ықтимал   орындарын анықтап алуға және әртүрлі сценарийлер жағдайында қайта жерсіндірудің мүмкін нәтижелерін зерттеуге мүмкіндік беретін ғылыми зерттеулер қажет болды. Жеті жылдан кейін Қайта жерсіндіру  бағдарламасы дайындалып, 2017 жылдың қыркүйегінде Орталық Азияда жолбарысты қалпына келтіру бағдарламасын іске асыру туралы WWF пен Қазақстан Үкіметі арасында Меморандумға қол қойылды. Қол қою рәсімі Қазақстанда ЭКСПО-2017 аясында Нидерланды Корольдігінің павильонында өтті.

.
© WWF Central Asia
ЖОЛБАРЫСҚА АРНАЛҒАН ЖАҢА "ҮЙ"

2018 жылғы 27 маусымда Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жүйесінде ауданы 415 мың гектардан асатын Іле-Балқаш резерваты пайда болды. Резерват аумағын Іле өзені атырауының бір бөлігін, Балқаш көлінің Оңтүстік жағалауындағы жайылмалы, сексеуіл ормандарын және сулы-батпақты жерлерді қамтиды. Құрылған резерваттың аумағында жолбарыстың тіршілік ету ортасына қолайлы экожүйені қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
 
Қайта жерсіндіру бағдарламасына сақталып қалған жабайы табиғатты қорғау және жыртқыш рационының негізі болып табылатын тұяқтылардың (тоғай бұғысының, еліктердің, жабайы қабандардың) таралымдарын қалпына келтіру енгізілді. Сондай-ақ құланды қалпына келтіру және қарақұйрық санын көбейту жұмыстары жүргізілуде.

«Іле-Балқаш» резерватын құрумен қатар құландар мен қарақұйрықтардың қауіпсіз қоныс аударуын қамтамасыз ету үшін Алтын- Емел - Іле-Балқаш экологиялық дәлізі де ұйымдастырылды.

.
© WWF Central Asia
АЛҒАШҚЫ ЖОЛБАРЫСТАР

Қазір жолбарыстарды қайта жерсіндіру бағдарламасы Нидерландыдан амур жолбарыстарының "Іле-Балқаш" резерватына келуімен маңызды кезеңге жетті. Осынау маңызды қадам бағдарламаны оның басты мақсатына -  жолбарыстардың  таралымын олардың тарихи мекендеу ортасында қалпына келтіруді жақындата түседі.
 
WWF пен Қазақстан арасындағы көпжылдық және тығыз ынтымақтастықтың арқасында Амур жолбарыстарының екі дарағы Анна Пауловна қаласынан Landgoedhoenderdaell хайуанаттар бағы жанындағы жыртқыштар ұстауға арналған нидерландтық Әулие жолбарыс мамандандырылған орталығынан (StichtingLeeuw) "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватына жеткізілді.
 
Осынау айтулы оқиға экожүйені қалпына келтіру және жоғалған биоәртүрлілікті қайтару жолындағы маңызды қадам болды.
 
Бағдарламаны WWF және Қазақстан Республикасындағы БҰҰДБ қолдауымен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті іске асыруда. Богдана мен Кума одан әрі өсіру және олардың ұрпағын жабайы табиғатқа шығару үшін "Іле-Балқаш" резерватында WWF арнайы салған қоршаулы орталықты мекендейді.

Жыртқыштардың келуі туралы толығырақ

.
© WWF Central Asia