What would you like to search for?

ҚАЗАҚСТАН
© WWF Central Asia

Қазақстан Республикасының аумағы көптеген таңғажайып жануарлар мен сирек кездесетін өсімдіктердің үй-жайы болып табылады. Біздің мақсатымыз — осы өңірге тән негізгі түрлерді сақтау және қалпына келтіру, нәзік карст экожүйесін қорғау және адамның ірі жыртқыштарымен - жолбарыспен және қар барысымен үйлесімді өмір сүруін жолға қою.

Жабайы табиғат

Қазақстан – дүние жүзінің аумағы бойынша шын мәнінде бірегей табиғи мұраға ие аса ірі мемлекеттерінің бірі. Елдің кең байтақ кеңістігі: Тянь-Шаньның таулы жоталары мен нәзік шөлдерден бастап далалар мен ормандарға дейін  алуан түрлі экожүйелерді қамтиды. Осындай табиғи әртүрлілік елді Еуразияның нағыз биологиялық жол айрығына айналдырады.
 
Қазақстан аумағында омыртқалы жануарлардың 850-ден астам түрі мекендейді және тамырлы өсімдіктердің 6000-ға жуық түрі өседі. Жануарлардың 300-ден астам түрі және өсімдіктердің 400-дей дерлік түрі елдің Қызыл кітабына енгізілген. Олардың арасында - қар барысы, бұхар бұғысы, қарақұйрық, құлан, сабаншы, дала қыраны және дуадақ сияқты сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлер бар. Бұл түрлер өңірлердің экожүйелерінде аса маңызды рөл атқарады және өздерінің сақталуына ерекше назар аударуды қажет етеді.
 
Қазақстан бай әртүрлілікке ғана емес, сонымен қатар табиғи аумақтардың нәзіктігінің жоғары деңгейіне ие. Ауыл шаруашылығының, инфрақұрылымның, өндіруші салалардың дамуы және климаттың өзгеруі табиғи ресурстар мен экожүйелерге қысым көрсетуде. Мұның әсіресе шөлейттенуге және көптеген түрлердің тіршілік ету ортасынан айырылуына ұшырайтын дала мен жартылай шөлейт жерлерге қатысы бар. Табиғи аумақтарды қорғау және сирек кездесетін жануарлардың таралымдарын қалпына келтіру өмірлік маңызы зор міндеттерге айналуда.

БІЗ НЕ ІСТЕП ЖАТЫРМЫЗ?

Жабайы табиғатты сақтау - біздің басты міндетіміз. Біз планетадағы ең маңызды түрлердің бірінің таралымын қорғауға назар аударудамыз. Міне 60 жыл дерлік біздің миссиямыз — озық ғылыми деректерге және жергілікті қауымдастықтармен тығыз ынтымақтастық жасауға сүйене отырып, Жердегі тіршіліктің таңғажайып саналуандығын сақтаудың тиімді шешімдерін табу.
 
WWF Қазақстанда жабайы табиғаттың негізгі түрлерін сақтау және қалпына келтіру, табиғи ресурстарды орнықты басқару және жергілікті қауымдастықтарға қолдау көрсету үшін жұмыс істеуде. Басымдықтардың бірі – мақсаты Балқаш өңірінде жойылып кеткен жолбарыстың таралымын қалпына келтіру болып табылатын тым ауқымды жоба – аталған жыртқышты осы аймаққа қайтару болып табылады. Сондай-ақ әсіресе климаттың өзгеруі мен ландшафттардың өзгеруі тұрғысынан алғанда қар барысын және оның таулы өңірлердегі тіршілік ортасын қорғау - маңызды міндет.
 
Сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу жұмыстарымен қатар WWF экологиялық туризмді дамытуға игі ықпал етуде, орнықты табиғат  пайдалануға қолдау көрсетуде және жергілікті қауымдастықтармен қоянқолтық жұмыс істеуде. Осынау баға жетпес табиғи байлықты келешек ұрпақтар үшін бірлескен күш-жігер жұмсап қана — азаматтардың, бизнестің және мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен – сақтап қалуға болады.

Сіз білесіз бе?

Іле-Балқаш табиғи резерваты 415 мың гектардан астам аумақты алып жатыр.

© WWF Central Asia