What would you like to search for?

ТІРІ ПЛАНЕТА 2024 БАЯНДАМАСЫ

"ТІРІ ПЛАНЕТА" БАЯНДАМАСЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Екі жылда бір рет шығып тұратын WWF-тің басты басылымы - «Тірі планета» баяндамасы ғаламдық биоәртүрлілік пен планетаның саулығы саласындағы үрдістердің кешенді зерттеуі болып табылады. "Тірі планета 2024" баяндамасы - есептің 14-ші басылымы, онда бізге табиғат әлденеше рет қайталап айтқан: адамның тынымсыз қызметі тіршілік атаулының бәрін қолдайтын планетаның табиғи жүйелерін шыңырауға итермелейді, деген ақиқаттың ғылыми дәлелдері келтірілген.
 
Лондон зоологиялық қоғамы ұсынған тірі планета индексін (LPI) қоса алғанда, баяндама біз бәріміз үйіміз деп айтатын бірден бір планетаға қазіргі уақытта әсер етіп отырған биоәртүрліліктен айырылудың жойқын үрдісін кері бұру үшін айқын, ауқымды мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері бар табиғат пен адамдарға арналған жаңа жаһандық келісімнің шұғыл қажеттілігін паш етеді.

БАЯНДАМАНЫ ЖҮКТЕУҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

"ТІРІ ПЛАНЕТА" БАҚ-ТА

"ТІРІ ПЛАНЕТА" БАЯНДАМАСЫНАН ҚЫСҚАША ФАКТІЛЕР

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

- Табиғат бүкіл дүние жүзі бойынша жыл сайын 125 триллион АҚШ долларына жуық соманың қызметтерін көрсетеді.
 
- ХХ ғасырда тұщы су балықтары барлық басқа омыртқалы жануарларға қарағанда жиі жойылып кетті.
 
- 200 миллионға жуық адам оларды дауылдар мен толқыннан қорғайтын коралл рифтеріне тәуелді.
 
- Тропикалық ормандар тым жылдам азайып келеді: Амазонияның 20% дерлік небәрі 50 жыл ішінде жойылды.
 
- Соңғы 25 жылда пайда болған шағын молекулаларға негізделген жаңа препараттардың кем дегенде 70%-ы табиғи заттардан жасалған.   
 
- 1950 жылдан бері мұхиттардан 6 миллиард тонна дерлік балықтар мен    басқа теңіз ағзалары ауланды.
 
- Бүгінгі таңда теңіз құстарының 90% -ының асқазанынан пластик бөлшектері табылады

50 ЖЫЛДАН АЗ УАҚЫТ ІШІНДЕ ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕ ОМЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАР ТАРАЛЫМДАРЫНЫҢ САНЫ ОРТА ЕСЕППЕН 60% ҚЫСҚАРДЫ

СІЗ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕ АЛАСЫЗ?

ПЛАНЕТАНЫ ҚОРҒАУ ҮШІН ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАҢЫЗ

Пластик аз, тамақ қалдықтары аз, экологиялық  тұрғыдан өндірілген тауарлар көп және табиғатқа қамқорлықпен қарайтын орнықты өмір салтының пайдасына таңдау жасаңыз. Сіздің күнделікті шешімдеріңіздің шынымен де маңызы зор.
 
- Бұл туралы тұтынушы ретінде де, азамат ретінде де айтып жүріңіз. Бизнес пен билікті неғұрлым экологиялық шешімдер мен саясатқа көшуге ынталандыру үшін өз дауысыңызды пайдаланыңыз.
 
- Басқалармен бөлісіңіз — туыстарыңыз бен достарыңызды сізге қосылып,  планетаға қамқорлық жасау маңызды екенін көрсетуге жігерлендіріңіз.
 
Біз бірлесіп табиғатпен қарым-қатынасты жақсы жағына өзгертетін ұрпақ бола аламыз.

МЕН ТАҒЫ НЕ ІСТЕЙ АЛАМЫН?

WWF НЕ ІСТЕП ЖАТЫР?

БІЗДІҢ ЖҰМЫСЫМЫЗ

Біздің миссиямыз - планетаның табиғи ортасының бүлінуін тоқтату және адамдар табиғатпен үйлесімді өмір сүретін болашақ құру.
 
Біз аса маңызды теңіз экожүйелері мен балық ресурстарының өнімді, бірқалыпты болған күйінде қалуына  және биоәртүрлілікке де, адамдардың тыныс-тіршілігі көздеріне де қолдау білдіруіне ұмтыламыз. Біз ең танымал және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің қорғалуын және жабайы табиғатта қалпына келтірілуін қалаймыз.
 
Біз аса ірі орман алқаптарының адамдарға және қоршаған ортаға пайда әкеле беруі үшін олардың тұтастығын сақталуына қамқорлық жасаймыз. Біз сондай-ақ тұщы сулы экожүйелер мен су ағындарының табиғатқа да, адамдарға да тіршілікті қамтамасыз етуіне күш салып жатырмыз.  
 
Біз төмен көміртекті және климатқа төзімді болашаққа жаһандық көшуді қолдаймыз, сондай-ақ табиғатты сақтап, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұрақты азық-түлік жүйелері болуын жақтаймыз.

БІЗДІҢ БАСЫЛЫМҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

БІЗ ТАБИҒАТТЫҢ ЖӘНЕ БІЗ ҚАЛДЫРАТЫН АСА АУҚЫМДЫ ІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫН АЙҚЫН СЕЗІНЕТІН АЛҒАШҚЫ ҰРПАҚПЫЗ. ЖӘНЕ ДЕ, БӘЛКІМ, БІЗ – ӘЛІ ДЕ БОЛСА БӘРІН ӨЗГЕРТУГЕ МҮМКІНДІГІ БАР СОҢҒЫ ҰРПАҚПЫЗ