The WWF is run at a local level by the following offices...
- WWF Global
- Adria
- Argentina
- Armenia
- AsiaPacific
- Australia
- Austria
- Azerbaijan
- Belgium
- Bhutan
- Bolivia
- Borneo
- Brazil
- Bulgaria
- Cambodia
- Cameroon
- Canada
- Caucasus
- Central African Republic
- Central America
- Central Asia
- Chile
- China
- Colombia
- Croatia
- Democratic Republic of the Congo
- Denmark
- Ecuador
- European Policy Office
- Finland

Пластикті шамадан тыс өндіру және тұтыну біздің өзендеріміз бен мұхиттарды тұншықтырады, жабайы жануарларды өлтіреді және біздің тамағымызды, ауаны және суды ластайды. Осылайша ахуал тек нашарлай береді.
2023 жылдың қараша айында үкіметтер Найробиде пластикпен ластануды тоқтату туралы жаһандық шарта бойынша келіссөздің үшінші раундына жиналды. Елдердің көпшілігі халықаралық қағидаларға негізделген шартқа қолдау білдіруіне қарамастан, әлсіз ерікті келісім жасауға шақырған төмен пиғылды бірнеше ел тығырыққа тіреді. Соның салдарынан келіссөз бұдан былайғы іс-қимыл жоспарынсыз аяқталды.
Бұл шарт – осынау асқынып бара жатқан дүниежүзілік проблема үшін жаһандық шешім әзірлеудің бірегей мүмкіндігі. Егер үкіметтер заңды түрде міндетті жаһандық қағидалары белгіленген ауқымды және әділ келісіммен келіспесе, пластикпен ластану тағамымыз бен суда жиналып және су тасқыны қаупін күшейтіп, 2040 жылға қарай үш есе көбеюі мүмкін. Біз бұған жол бере алмаймыз. Дағдарысты шешу үшін барлық елдер барынша көп зиян келтіретін немесе қоршаған ортаға шығуға неғұрлым бейім аса қауіпті пластикті пайдалануға тыйым салатын шарт қабылдауы тиіс.
Келіссөздер бойынша бесінші және соңғы кездесу - INC-5 2024 жылдың қарашасында Пусанда (Оңтүстік Корея) өтеді. Пластиксіз планета жолындағы күрестің көптеген жылдарынан кейін - бұл біз соншалықты ұзақ күткен сәттің нақ өзі.
Ең көп зиян келтіретін және жол бермеуге болатын бір реттік пластик бұйымдарды пайдалану – осының өзі-ақ орынсыз ысырапшылдық. Осы бір реттік пайдалануды нөлге айналдыру үшін бізге сіздің дауысыңыз қажет.
Пластикпен ластанбайтын болашақ ҮШІН дауыс беріңіз
НЕЛІКТЕН ПЛАСТИК БҰЙЫМДАРДЫ РЕТТЕУ ҚАЖЕТ?
Пластик өндіру мен тұтыну бақылаудан шығып кетті. Біз тиімді басқару мүмкін емес пластиктің артық мөлшерімен бетпе-бет келіп отырмыз. Қазіргі сәтте пластик өндірушілер іс жүзінде жауапкершіліксіз және реттеусіз әрекет жасайды. Жаһандық нормалар мен бақылаудың болмауы бұл үшін адамдар мен планетаның қиындық көруіне әкеп соқты. Енді біз шекара атаулыны білмейтін және әркімге қауіп төндіретін өскелең қатерге тап болудамыз.
Пластикпен ластану проблемасын шешу үшін БҰҰ-ның пластикпен ластану жөніндегі келісімі өндіріс пен тұтынуды реттеу үшін жаңа міндетті жаһандық қағидалар енгізуі тиіс. Бұл қағидалар аса қауіпті пластикалық өнімдерге тыйым салу, кезең-кезеңімен азайту, ауыстыру, қайта өңдеу және басқару шараларын қамтуы керек.
Бізге шарт ең зиянды және артық пластикалық бұйымдарға тыйым салуды қамтуы қажет. Біздің планетамызды ластайтын пластиктің 90%-дан астамы асхана құралдары сияқты бір реттік пластик заттар, сондай-ақ мысалы, косметикаға қосылатын микропластиктен тұрады. Бұл материалдардың көпшілігін қайта өңдеу өте қиын немесе қауіпті. Сондықтан пластмасса өндірісі өсіп жатқан қазіргі кезде оны қайта өңдеудің қарапайым ұсынысы енді жеткіліксіз. Пластикпен ластануды тоқтату үшін біз неғұрлым ластаушы, зиянды және артық пластикалық бұйымдар мен материалдарға тыйым салуымыз, сонымен қатар қауіпсіз және циклдік жүйелерге көшуде барлық елдерге қолдау көрсетуіміз қажет.НЕЛІКТЕН ПЛАСТИК ҚАУІПТІ?
Үкіметтердің көпшілігі бұл шартты қолдайды, бірақ біз көшбасшылардың ниетінен қайтпай, біздің ортақ пиғылдарымызбен мәмлеге келмейтініне көз жеткізуіміз керек. Сіздің еліңіз тыйым салуларды, айналымдылықты және қаржылық қолдауды қоса алғанда, шарттың негізгі мәселелеріне қалай қарайтынын білу үшін мына төмендегі WWF құралын пайдаланыңыз.
СІЗДІҢ ЕЛІҢІЗ ҚАЙДА ОРНАЛАСҚАН?