What would you like to search for?

БІЗБЕН ЫНТЫМАҚТАСУ
© I. Bura / WWF

Біз бір ұйымның қажетті өзгерістерге қол жеткізе алмайтынын түсінеміз. Біз әлемде көргіміз келетін өзгерістер көптеген адамдардың бірлескен күш-жігерімен ғана мүмкін болады.

Бірлескен күш-жігерсіз жетістікке жету мүмкін емес

Жаһандық экологиялық проблемалардың бүгін таңда ауқымды, өзара байланысты және шұғыл екені соншалық, бір ұйым оларды өз бетімен шеше алмайды. Дегенмен бізде өзгерістер үшін бірегей мүмкіндік бар -ғылым неғұрлым түсінікті сипат алды, хабардарлық артты, инновация таңғажайып биіктерге жетті.
 
Серіктестік WWF-тің табиғат қорғауға ықпал етуге күш жұмсауында  аса маңызды рөл атқарады. Табиғатты орнықты сақтауға үкіметтерді, жергілікті қауымдастықтарды, бизнесті және жеке донорларды қоса алғанда, бірқатар бірегей серіктестермен ынтымақтастық жасау арқылы қол жеткізіледі. Біз осы серіктестіктердің күшін толағай табыстарға жету үшін пайдаланамыз.

Корпоративтік сектор дүниежүзілік экономикада маңызды рөл атқарады, сондықтан біз компаниялар өздерінің қызметіне ұйытқы болған табиғи ресурстар мен экожүйелерді орнықты және ұқыпты пайдалану үшін ерекше жауапты деп есептейміз.

© WWF Mediterranean
Азаматтық қоғамның басқа ұйымдарымен ынтымақтастық жасау.

Біз табиғатпен өзіміздің қарым-қатынасымызды өзгерте аламыз, бірақ бұл үшін бірге әрекет етуіміз керек. Орнықты даму және  басқа ұйымдармен ынтымақтастық жасау саласында— жергілікті деңгейде де, жаһандық деңгейде де - WWF-пен серіктестік жалғыз-жарым қол жеткізу мүмкін болмайтын нәтижелерге жетуге және назарға ие болуға мүмкіндік береді.

Бизнеспен ынтымақтастық

Бизнеспен жұмыс істей отырып, біз: өндірістің неғұрлым орнықты әдістерін және шикізаттың жауапты сатып алуын ілгерілетуге; 100% жаңартылатын энергия көздеріне көшуге және қазба отындарынан бас тартуға ықпал етуге; мемлекеттік саясатты әзірлеуге бірлесіп қатысуға; табиғи ресурстардың әділ бөлінуін қолдауға; қаржы ағындарын табиғат қорғау мен экожүйелерді орнықты басқаруды қолдауға бағыттауға;    ақылға қонымды тұтыну қажеттігі жайында хабардар болуды арттыруға; экологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда планетаның ең маңызды бұрыштарын қорғауға ұмтыламыз.
 
WWF компаниялармен үш негізгі бағыт бойынша бірлесіп іс-қимыл жасайды:
 
Орнықты бизнес: WWF компанияларға олардың қоршаған ортаға әсерін бағалауға және табиғатты сақтауға да, компанияның бизнес-мақсаттарына қол жеткізуге де ықпал ететін оны төмендетудің стратегиялық жоспарын жасауға көмектеседі.
 
Бизнеспен ынтымақтастық.
 
Ко-маркетинг (табиғат қорғау мақсаттарын қолдау маркетингі): WWF компаниялармен бірлесіп бизнеске және оның клиенттеріне қолдау көрсетуге және табиғат қорғауға белсене қатысуға мүмкіндік беретін тұтынушыларға бағдар ұстанған ықпалдасқан науқандар әзірлейді.
 
Қайырымдылық көмектер: компаниялар да WWF-тің нақты табиғат қорғау бастамаларына және осы жобалар көмектесетін жергілікті қауымдастықтарға қаржылай қолдау көрсете алады.

Біздің планетамыз - біздің жауапкершілігіміз

WWF "Біздің планета: біздің жауапкершілігіміз" атты жаңа 40 минуттық онлайн-фильмін мақтанышпен ұсынады. Netflix-тің "Біздің планета" атты бірегей сериалымен шабыттанған бұл фильм қоғам үшін табиғаттың экономикалық құндылығын атап көрсетеді және бизнестің ауқымды өзгерістерге қалай ықпал ете алатынын аңғартады. Оның мақсаты - егер біз жұмысты "әдеттегідей" жүргізе берсек, әркімге бәске не қойылғанын сезінуге көмектесу.