The WWF is run at a local level by the following offices...
- WWF Global
- Adria
- Argentina
- Armenia
- AsiaPacific
- Australia
- Austria
- Azerbaijan
- Belgium
- Bhutan
- Bolivia
- Borneo
- Brazil
- Bulgaria
- Cambodia
- Cameroon
- Canada
- Caucasus
- Central African Republic
- Central America
- Central Asia
- Chile
- China
- Colombia
- Croatia
- Democratic Republic of the Congo
- Denmark
- Ecuador
- European Policy Office
- Finland
Ормандарға қауіп төніп тұр. Соңғы күндері орман өрттері барған сайын қауіпті сипат алуда және шекара дегенді білмейді. Саналы азаматтар ретінде біз бірігіп, біздің флорамыз бен фаунамызға қауіп төндіріп қана қоймай, климаттың өзгеруіне ықпал ететін осынау жойқын қауіпке қарсы тұруға міндеттіміз.
Таңқаларлық факт: орман өрттерінің 80%-дан астамы адамның абайсыздығынан туындайды!
Көбінесе адамның салақтығы себеп болады: ұмыт қалдырылған оттар, жерге тасталған темекі мен шыны заттар, сондай-ақ өртке бейім аймақтарда отты сақ пайдаланбау.
Орман өрттерінің жойқын әсерін түсіну
Орман өрттері санының алаңдаушылық туғызатындай дәрежеде өсуі орны толмас ормандардың аса ауқымды аумақтарын күлталқан етіп, кейбіреулері жойылып кету алдында тұрған жабайы табиғаттың көптеген түрлерін ығыстырып шығаруда. Өрттер атмосфераға көмір қышқылы газының орасан зор мөлшерін шығарып, климаттың өзгеруін ушықтырады және дүниежүзілік экожүйенің нәзік тепе-теңдігін бұзады.
Қауіпті айлар: сәуір-тамыз
Осы уақыт аралығында дала өрттерінің қаупі шырқау шегіне жетеді. Температураның жоғарылауы, ылғалдылықтың төмендеуі және өсімдіктердің кебуі өрттің тез таралуы үшін тамаша жағдай тудырады. Дәл осы уақытта біздің ормандарымыз ең қатерлі қауіпке ұшырайды және біз өрттің алдын алу және бақылау жұмыстарында қырағы болуға тиіспіз. Біздер, адамдар, табиғатта біз нені және қалай істеп жатқанымыз жайында ойланар болсақ, олардың санын айтарлықтай азайта алар едік.
Климаттың өзгеруі және оның орман өрттерінің күшеюіндегі рөлі
Климаттың өзгеруі салдарынан орман өрттер барған сайын жиілеп барады, қарқынды және кең ауқымды сипат алуда. Температураның жоғарылауы, ұзаққа созылған қуаңшылық және құбылмалы ауа райы жағдайлары өрттің тез және бақылаусыз таралуына тамаша жағдайлар туғызады. Бұл әсердің зардаптары ормандарға ғана емес, жақын маңдағы елді мекендерді, адамдардың денсаулығын және өңірлердің экономикасына да қамтиды.
Саналы мінез-құлық пен жеке жауапкершілікті ынталандыру
Орман өрттерінің 80%-дан астамы өртке бейім аймақтарда қараусыз қалған оттар, жерге тасталған темекі және отқа сақ болмау сияқты адамдардың салдыр-салақтығынан болады. Біздер, жауапты адамдар, ретінде өз әрекеттеріміздің әсерін сезініп, өртті болдырмауға қадамдар жасауымыз маңызды. Білім беру және ақпараттық науқандар, сондай-ақ жауапсыз теріс әрекеттер үшін неғұрлым қатаң жазалау осынау жойқын өрттердің санын әсіресе аса қауіпті жаз айларында едәуір азайта алады. Осы петицияға қолдау білдіре отырып, біздің бейжайлығымыз - орман өрттері шығуының басты қатерлерінің бірі екенін мойындаймыз және табиғатта саналы түрде, сақтықпен әрекет етуге және дұрыс шешімдер қабылдауға міндеттенеміз.
"Табиғат" ерікті өрт сөндірушілер отряды Алматы қаласында жаңа еріктілер қабылдайтынын хабарлайды. Оқыту екі кезеңде өтеді:
- Бірінші кезең - кіріспе дәріс, онда сіз табиғи өрттер, оларды сөндіру тактикасы туралы және өрттерде еріктінің жұмыс істеу ерекшеліктері туралы бәрін білетін боласыз.
- Екінші кезең бөлек күні өтеді. Қатысушылар өрт сөндіру жабдықтарымен таныса алады, олардың жұмыс істеу қағидаттарын түсінеді, сондай-ақ өрт сөндіруші киімін киіп көре алады.
Оқытудан кейін тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен еріктілер нақты өрт сөндіруге және қарауылдауға қатысу мүмкіндігін алады. Оқуды ойдағыдай аяқтап, еріктілер жасағының жұмысына одан әрі белсене қатысып жүргендердің бәріне ТЖМ өрт сөндірушісінің сертификаты беріледі.
Қосымша ақпарат алу үшін телефон: +7 775 666 5222