The WWF is run at a local level by the following offices...
- WWF Global
- Adria
- Argentina
- Armenia
- AsiaPacific
- Australia
- Austria
- Azerbaijan
- Belgium
- Bhutan
- Bolivia
- Borneo
- Brazil
- Bulgaria
- Cambodia
- Cameroon
- Canada
- Caucasus
- Central African Republic
- Central America
- Central Asia
- Chile
- China
- Colombia
- Croatia
- Democratic Republic of the Congo
- Denmark
- Ecuador
- European Policy Office
- Finland
ЖАСЫЛ ӨМІР САЛТЫНА АУЫСЫҢЫЗ
© Pixabay
Өсіп келе жатқан халық пен индустрияландыру біздің планетамызға айтарлықтай әсер етуде. Біз өзімізге ұнайтын нәрседен бас тартпай-ақ өзіміздің өмір салтымызды өзгертіп, оң өзгерістер жасай аламыз. Біздің экологиялық ізіміздің негізгі көздері - энергия мен тамақ болып табылады.
Біздің планетамыз, біздің жауапкершілігіміз
Адамның планетаға әсері туралы біздің білетініміз шынымен де үрейлендіреді. Мәселен, біздің ортақ үйімізді — 8 миллиардқа жуық адаммен, сондай-ақ керемет өсімдіктермен және жануарлармен бөлісіп отырған планетаны сақтап қалу үшін біз бәріміз не істей аламыз?
Біріншіден, не істеу керек – бұл біздің табиғатқа әсерімізді көрсететін өзіңнің жеке экологиялық ізің жайында ойлану. Мейлі біз ауқаттанатын ас-су болсын, біз сатып алатын киім-кешек немесе қозғалыс құралы болсын, біз істеп жатқан әрекеттің бәрі табиғи ресурстарды қажет етеді.
Біздің планетаға қойып отырған талаптарымыз тым ауқымды. Бүгінгі таңда адамзат біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандыру және қалдықтарды сіңіру үшін 1,7 Жерге барабар ресурстарды пайдаланады. Бұл біз бір жыл ішінде тұтынатын ресурстарды қалпына келтіру үшін Жерге бір жыл және сегіз ай қажет болатынын білдіреді. Планетаға жүктемені азайтудың жақсы қадамы өз әсеріңнің ауқымын сезіну болмақ. Міне бірнеше кеңес пен ұсыныным:

1. Өзіңіздің диетаңызды өзгертіңіз
Біздің планетамызға көмектесудің ең жақсы тәсілдерінің бірі — өзіңіздің диетаңызды өзгерту. Өсімдік тағамдарының мөлшері көбейтілген теңдестірілген және салауатты тамақтану, ет пен балықты тек орнықты көздерден сатып алу және тамақ қалдықтарын барынша азайту – осының бәрі біздің планетамызды қорғауға ықпал етеді.
- Алуан түрлі өсімдік тағамдарының сіздің диетаңызда айтарлықтай көп болуын қамтамасыз етіп, солармен тамақтаныңыз.
- Орнықты көздерден теңіз өнімдерін таңдаңыз (тиісті сертификаттарды іздеңіз) және шамадан тыс көп ауланатын балық түрлерінен аулақ болыңыз.
- Орнықты тәсілмен өндірілген етке басымдық беріңіз. Егер сіз сертификат таба алмасаңыз, жеткізушіден сіз сатып алатын еттің қайдан келетінін анықтап алыңыз.
- Азық-түлікті пайдалана алатын мөлшерден артық сатып алмаңыз; мейрамханаларда қалған тағамды келесі жолы тамақтану үшін өзіңізбен бірге алып кетіңіз.

2. Энергия тұтынуды азайтыңыз
Біздің планетамыз үшін біз жасай алатын ең маңызды іс — бұл CO2 шығарындыларын айтарлықтай азайту. Алдымен энергия тиімділігінен бастаңыз! Мұнда сізге көмектесетін бірнеше қарапайым қадам мынадай:
- Пайдаланылмайтын кезде теледидарды, компьютерлерді және басқа электрондық құрылғыларды өшіріп қойыңыз. "Күту" режимінің өзінде олар 10%-дан 60%-ға дейін энергия тұтынуы мүмкін.
- Қуат үнемдейтін шамдар орнатыңыз. Және, әрине, кез келген басқа электр құрылғылары сияқты, қажет болмаған кезде жарықты өшіріп қойыңыз.
- Кірді үнемдеп жуыңыз. Кір жуғыш машинаны немесе ыдыс жуғыш машинаны тек толық жүктеу кезінде пайдаланыңыз, үнемді бағдарламаларды және/немесе ең төмен температураны таңдаңыз.
- Энергия үнемдеу үшін жылыту жүйесінде неғұрлым төмен температураны қосыңыз. Кейде қосымша кеудеше киіп алу тиімдірек болып, сізге жылу төлемдерін үнемдеуге көмектеседі.

3. Тұтынушы ретінде өз құқықтарыңызды пайдаланыңыз
Хабардар және талғампаз сатып алушы болу – бұл өте маңызды және солай болу тіпті оңай. Орнықсыз әдістермен өндірілетін өнімдердің орнына экологиялық таза өнімдер мен тауарлар таңдау арқылы сіз компанияларды өз көзқарастарын өзгертуге ынталандырасыз.
Атап айтқанда:
- Сабын мен косметика таңдағанда мұқият болыңыз.
- Сапалы қағаз және ағаш бұйымдарына басымдық беріңіз - FSC белгісін іздеңіз. Осылай таңбаламау өнімнің күмәнді немесе заңсыз кесілген ағаштан жасалғанына айғақ болуы мүмкін, бұл ормандарға, жабайы табиғатқа және жергілікті қауымдастықтарға зиян келтіреді.
- Эко-таңбасы бар тауарларды іздеңіз - ол өндірістің неғұрлым экологиялық тәсіліне кепілдік береді.

4. Қағазды үнемдеңіз - ормандарды сақтаңыз
Сіз қай жерде - жұмыста, демалыста, сауда орнында немесе үйде - болсаңыз да - әрқашан мына қағидатты ұстаныңыз: су мен қағазды үнемдеңіз!
Суды үнемдеңіз: суды тазартып, үйлерге жеткізу энергияның көп мөлшерін қажет етеді, сондықтан оны тұтынуды қысқарту парниктік газдар шығарындыларын азайтуға көмектеседі. Су жылытқышының термостаты 60 °C-тан жоғары қойылмағанына көз жеткізіңіз және душ қабылдауды ұзаққа созбауға тырысыңыз.
Қағазды үнемдеңіз: дүние жүзінде күн сайын бір миллион тоннаға жуық қағаз жұмсалады. Осы көлемнің едәуір бөлігі табиғатқа артық жүктеме артып, орынсыз қолданылады. Мынадай бірнеше қарапайым қағида бар: қағазға басып шығармас бұрын ойланыңыз; қағаз тұтынуды екі есе қысқарту үшін парақтың екі жақ бетін де пайдаланыңыз; қажеттілік болмаса электрондық хаттар мен құжаттарды басып шығармаңыз; пайдаланылған қағазды қайта өңдеңіз және қосалқы шикізаттан жасалған өнімдерге басымдық беріңіз.

5. Жолға шығу кезінде неғұрлым саналы таңдау жасаңыз.
Мейлі жұмысқа баратын жол, демалыс немесе әдеттегідей азық-түлік алуға барып-келу болсын – яғни сіз қалай жүріп-тұрасыз және белгілі бір жерде не істеп, не қоясыз – осының бәрі планетаның жай-күйіне елеулі түрде әсер етуі мүмкін.

© Kitica Kekić / WWF

© Management Body of Samaria - Western Crete National Park