The WWF is run at a local level by the following offices...
- WWF Global
- Adria
- Argentina
- Armenia
- AsiaPacific
- Australia
- Austria
- Azerbaijan
- Belgium
- Bhutan
- Bolivia
- Borneo
- Brazil
- Bulgaria
- Cambodia
- Cameroon
- Canada
- Caucasus
- Central African Republic
- Central America
- Central Asia
- Chile
- China
- Colombia
- Croatia
- Democratic Republic of the Congo
- Denmark
- Ecuador
- European Policy Office
- Finland
"Жер сағаты" алғаш рет Сиднейде 2007 жылы климаттың өзгеруіне қарсы азаматтық науқан және жедел іс-қимыл жасауға шақырған үндеу ретінде өтті. Содан бері наурыздың әрбір соңғы сенбісінде бүкіл дүние жүзінде миллиондаған адамдар планетаға бейнелік сипатта қолдау білдіріп, бір сағатқа жарықты сөндіріп тастайды.
Жер сағаты — Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен 2007 жылдан бері бүкіл әлемде өткізіліп келе жатқан ең ауқымды халықаралық экологиялық шара.
Қазақстан бұл шараға 2009 жылы волонтерлердің қолдауымен қосылдған. Акцияның мақсаты – табиғатқа және планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. Дәстүр бойынша әртүрлі экологиялық тақырыптарға назар аудару үшін бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін үйлері мен пәтерлеріндегі шамдарды сөндіреді. Сонымен қатар, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері мен маңызды ғимараттары өз жарықтарын сөндіреді. Акцияға елдердің мемлекеттік және жеке ұйымдары да қолдау көрсетеді. 2025 жылы Қазақстанда «Жер сағаты» еліміздің табиғатын сақтау тақырыбына арналған. Біз Қазақстанның барлық тұрғындарын саналы таңдау жасауға – туған табиғатына көмектесуге шақырамыз.
Акция туралы толық ақпаратты ресми сайттан алуға болады - earthhour.kz
Әуел бастан-ақ "Жер сағаты" өзінің бейнелік мәні бар әрекетімен - біздің планетамызға қолдау білдіру ретінде жарықты сөндіріп тастауымен белгілі болды. Бірақ 2023 жылдан бастап біз Жер үшін Ең Үлкен Сағат жасау үшін өзіміздің қозғалысымыз бен миссиямызға жаңа серпін беріп, бір қадам алға бастық.
Сіз немен шұғылданбасаңыз да — ас-су дайындаумен, спортпен, өнермен немесе табиғат аясында серуендеумен – әркім планетаға қамқорлық жасауға бір сағатын арнай алады. Өткен жылы әлем 1,4 миллион сағаттан астам уақыт сыйлады. Биылғы жылы бірігіп, "Жер сағатын" одан да ауқымды етейік!
Біздің "Жер сағаты" платформасына кіріп, сүйікті ісіңізбен айналысып, сіз қалай планетаға бір сағат сыйлай алатыныңызды біліп алыңыз!