What would you like to search for?

WWF этикасы
© WWF Central Asia

Жылдар өте келе WWF дүние жүзіндегі ең құрметті табиғат қорғау ұйымдарының біріне айналды. Біз мұндай беделге өзіміздің миссиямызды іске асыру кезінде біз этика мен адалдықтың жоғары деңгейімен ұштастыратын табиғат қорғаудағы нақты жетістіктердің арқасында ие болдық. Нақ осы тәсіл бізді шын мәнінде тиімді етеді.

Біз көптеген мәдениеттерді қамтитын, бірақ жұмыс істейтін әр елде терең тамыр жайған жаһандық ұйымбыз. Этикалық қағидаттар мен адалдық бізге осы алуантүрлілікте ортақ тіл табуға көмектеседі. Құрмет пен ашықтыққа негізделген мәдениет қазіргі, күрделі және өзгеріп жатқан әлемде ерекше маңызды. Бұл бізге әлеуетімізді толық ашуға, командада жұмыс істеуге, жергілікті қауымдастықтардың, әріптестердің, үкіметтердің, донорлардың және бізді қолдайтын баршаның сеніміне ие болуға көмектеседі.

Міне сондықтан да біз не істесек те, қай жерде болсақ та, біз әрқашан WWF құндылықтарын: заңдарды сақтауды, адалдықты, төзімділікті, сенімді және әділеттілікті басшылыққа аламыз. Бұл қағидаттар біздің әрқайсымызды да, жалпы ұйымды да қорғайды. Біз WWF көшбасшылары үлгі-өнеге көрсетеді, әркім өзінің алаңдаушылығын ашық білдіре алатын және сөзін жеткізе алатын ашықтық, құрмет және қауіпсіздік мәдениетін қолдайды және дамытады деп күтеміз.

WWF аясында кез келген адам WWF қызметкерлерінің, әріптестерінің немесе ұйыммен байланысты басқа адамдардың тарапынан орынсыз қылық таныту оқиғалары туралы қауіптенбей хабарлай алатын ашық диалог мәдениетін ұстанады.  Мұны зардаптарынан жасқанбай және өтініш берушінің ана тілінде істеуге болады. Төменде тәртіп бұзушылықтар туралы хабарлауға болатын арналар берілген:

Web: https://report.whistleb.com/en/wwf

WWF қызметі өздеріне жайсыз әсер етті деп санайтын жергілікті қауымдастықтар немесе олардың жекелеген өкілдері де өз өтініштерін жоғарыда көрсетілген сілтеме арқылы жібере алады.

WWF Этика мәдениеті - бұл біздің ұйымымызды бүгін және болашақта мықты ететін және бізге табиғатты қорғауда ауқымды нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін негіз.

Бұл сайтта сіз Этика кодексін, Тәртіп кодексін, сондай-ақ Алаяқтықпен пен сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын қоса алғанда, біздің этикалық көзқарасымызбен таныса аласыз.